14:45, 30 Қараша 2009 | GMT +5
Депутат В.Нехорошев Теміртаудың тұрғындарымен кездесуде Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жұмысы туралы әңгімелеп береді
sp;ҚАРАҒАНДЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошев сейсенбі күні желтоқсанның 1-інде өтетін Теміртаудың тұрғындарымен кездесуі кезінде Мәжілістегі «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы фракциясының жұмысы туралы әңгімелеп беретін болады,
деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, В.Нехорошев азаматтарға қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша мемлекет қолданып отырған іс-шаралар жөнінде баяндайды.
Кездесу Қарағанды индустриялық университетінің үйінде өтеді.