18:47, 07 Ақпан 2009 | GMT +5
Депутаттар ШҚО әкімінің есебін мақұлдап, атқарушы билікке қолдау білдірді
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысында есеп беру науқаны аяқталды – облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында өңір басшысы Әділғазы Бергенов халық алдында есеп берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ШҚО әкімінің есеп беру кездесуіне сенаторлар Талғатбек Абайділдин, Сергей Плотников, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Айдын Шөпшекбаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аймақтық жұмыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары Оңдасын Оразалин қатысты.Облыс әкімі өткен жылдың қорытындыларына талдау жасады, өңірдегі барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінен алған әселерімен бөлісті. Облыс әкімі әлемдік қаржы дағдарысының келеңсіз салдарларын еңсеру жөнінде міндеттер қойды. Бұл орайда ол ең алдымен, техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруды көздейтін серпінді жобаларды аяқтауға баса назар аударды, бұл аймақтың және тұтастай алғанда елдің бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттыра түспек.
Ауыл шаруашылығында ірі қалалардың маңында ет-сүт, картоп және көкөніс белдеулерін құру жобалары жалғастырылады. Аймаққа қосымша инвестициялар тарту және қаржы институттарымен жұмысты жандандыру үшін аймақтық инвестициялық қор және кепілдік орталығын құру мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ ол құрылыс секторы, жұмыссыздық, инфляцияны тоқтату проблемаларына, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол, әлеуметтік мәселелерге кеңінен тоқталды. Әкім биылғы жылы әлеуметтік маңызды әуе және теміржол қатынастарын субсидиялау жалғасатынын айтты. Жұмыссыздық мәселесіне қатысты әкім оның деңгейі аздап болса да ? 0,1 пайызға төмендегенін атап өтті. Жарыссөзде бірқатар депутаттар сөз сөйледі. Бұдан кейін өңір әкімінің кездесуі тұрғындармен тікелей сұхбаттасу түрінде өтті. Бұл үшін Семей, Риддер қалаларының, Глубокое ауданының халқымен бейнеинтернет байланысы орнатылды.