Дер шағында көтерілген аса өзекті маңызды бастама – Тоқаев Бейбітшілік кеңесі туралы
АСТАНА. KAZINFORM - Бейбітшілік кеңесі – тез әрі тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін дер шағында көтерілген аса өзекті маңызды бастама. Бұл туралы Пәкістанның The News International газетіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
- Бейбітшілік кеңесі – тез әрі тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін дер шағында көтерілген аса өзекті маңызды бастама. Президент Дональд Трамптың өзі Жарғыға қол қою рәсімінде Бейбітшілік кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымын алмастыруды емес, оған демеу болуды көздейтінін ашып айтты. Өкінішке қарай, БҰҰ қазір институционалдық дағдарысты бастан кешіріп отыр, - деді Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2803 қарарын іске асыруға ықпал ететін ерекше жайт ретінде атап өтеді.
- Аталған қарарда бейбітшілік халықаралық легитимділік, сондай-ақ тиімді көшбасшылыққа арқа сүйеуге тиіс екені анық жазылған. Бейбітшілік кеңесі қақтығыстарды реттеудің икемді әрі прагматикалық тетіктерін ұсынып, әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенімдімін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Пәкістан басылымына сұхбат берді.