Деректер тарап кеткеннен кейін Израиль Иранға қарымта қайтаруды кейінге қалдырды
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль осы шабуылға қатысты маңызды ақпараттың тарап кетуіне байланысты Иранға қарсы жауап соққысын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бейсенбі күні британдық The Times газеті жазды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Иранға қарсы соққы беруді кейінге қалдыру туралы шешім Израиль армиясының шабуыл жоспарларына баға беретін құпия құжат желіде тарағаннан кейін қабылданды.
Басылым Израильдің жоспарларын білетін атын атамаған барлау көзіне сілтеме жасай отырып, Израильдің берілген ақпарат Иранға белгілі бір шабуыл үлгілерін болжауға көмектесетініне алаңдайтынын айтты, бірақ нақты деректі таратқан нысандарды атаған жоқ.
Газеттің жазуынша, Израиль балама жоспар әзірлеген, алайда оны жүзеге асырмас бұрын әскери дайындық жүргізуі керек.
«АҚШ құжаттарының тарап кетуі кейбір стратегиялар мен компоненттерді өзгерту қажеттілігіне байланысты шабуылды кейінге қалдырды», - деп жазды дереккөз. «Қарымта қайтару болады, алайда болжамды уақыттан да ұзақ уақыт кетуі мүмкін».
Деректердің тарап кетуі
Құпия құжаттар алғаш рет жұма күні Telegram қосымшасында жарияланып, бірден тарап кетті. Оларда Израильдің Иранға шабуыл жасау жоспарларына қатысты АҚШ-тың болжамды бағасы бар. Спутниктік суреттер мен басқа да барлау деректеріне сүйене отырып, баға берілген.
EXCLUSIVE:
— 𓂆 Resistance 𝕏 ✊🏻 (@ResistanceXarmy) October 20, 2024
🇮🇱🇮🇷🇺🇲 Israel planned to attack Iran on October 15-16, but leaked top secret documents from the Pentagon delayed the attack. Israeli media such as Walla News confirm this.
An informed source within the U.S. intelligence community has shared with us an extremely… pic.twitter.com/bj2ALpuBiM
Дүйсенбіде Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби президент Джо Байден ақпараттың таралып кетуіне «қатты алаңдаушылық білдіретінін» айтты.
Федералды тергеу бюросын сейсенбіде Израильдің қарымта шабуылға соңғы дайындығы туралы құпия құжаттарды рұқсатсыз жариялауға қатысты тергеуді бастағанын хабарлады.
Римде журналистер алдында сөз сөйлеген АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин ақпараттың таралуына байланысты Қорғаныс министрі кеңсесінің мүшелері тексеріліп жатқаны туралы ешқандай белгі жоқ екенін айтты.
Әскери сарапшылардың пікірінше, тақырыптардың құрылымы шындыққа жанасады әрі бұрын жарияланған ұқсас құпия құжаттарға сәйкес келеді, деп хабарлайды BBC.