Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл – фоторепортаж

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Бүгін Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімінде Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл  – фоторепортаж
Фото: Александр Павский / Kazinform

Мерекелік іс-шара десантшы капитан Қайрат Құдабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. 

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл  – фоторепортаж
Фото: Александр Павский / Kazinform

ҚР Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев сарбаздан бастап, генералға дейін сара жолды өту оңай шаруа емес екенін атап өтті. Ол осы саладағы барлық буын өкілдерінің әскердің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін тілге тиек етті.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл  – фоторепортаж
Фото: Александр Павский / Kazinform

– Қазақстанның десантының тарихын айтып өтер болсам, 1991 жылы Кеңес Одағы Қорғаныс министрінің шешімімен 35-гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригада Котбус қаласынан Капшағайға көшірілді.1992 жылдың 13 мамырында бұл бригада Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамына өтті. Осы сәттен бастап Қазақстан армиясында өз десанты – 35-гвардиялық бригада пайда болды, – деді Алмаз Жұмакеев.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл  – фоторепортаж
Фото: Александр Павский / Kazinform

2000 жылдың 6 шілдесінде Мемлекет басшысының Жарлығымен мобильді күштер құрылып, олардың құрамына 35-бригада да енді.

әскер десанттық шабуылдау
Фото: Александр Павский / Kazinform

– Қазір біздің құрамда 13 әскери бөлім бар. Біз 1500 адамнан 9000-ға жуық құрамға дейін өстік. Қазақстан Қарулы Күштері ішінде алғаш рет дәл осы десанттық-шабуылдаушы әскерлерде ұшқышсыз әуе жүйе бөлімі құрылды. Құрлықтағы топ құрамында алғаш рет радиоэлектрондық күрес және радиоэлектрондық барлау бөлімшесі пайда болды. Барлау бөлімшелерін – батальондардағы барлау взводтарынан бастап жеке барлау полкіне дейін толық қалпына келтірдік. Байланыс бөлімшелері толық жаңғыртылды. Батальондарда барлау және байланыс бастықтарының лауазымдары енгізілді, – деді Алмаз Жұмакеев.

бала, әскер, адамдар
Фото: Александр Павский / Kazinform

25 жыл ішінде десанттық-шабуылдаушы әскерлер қатарынан 18 генерал шықты, 300-ден астам офицер полковник шенін алды, 107 әскери қызметші әскердің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.

әскер
Фото: Александр Павский / Kazinform

Десанттық-шабуылдаушы әскерлер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, маңызды міндеттерді атқаруды жалғастырып келеді.

әскер, ән
Фото: Александр Павский / Kazinform

Салтанатты шара аясында десанттық-шабуылдау құрамасының әскери қызметшілері жауынгерлік дайындықтың элементтерін көрсетті.

әскер
Фото: Александр Павский / Kazinform

Мерекенің ең әсерлі сәті – жеке құрамның парашютпен секіруі болды. Осылайша, қазақстандық десанттың шеберлігін паш етті.

әскер
Фото: Александр Павский / Kazinform

Шара мерекелік концертпен аяқталды.

әскер
Фото: Александр Павский / Kazinform
әскер
Фото: Александр Павский / Kazinform
әскер
Фото: Александр Павский / Kazinform
әскер
Фото: Александр Павский / Kazinform
десанттық шабуылдау
Фото: Александр Павский / Kazinform
десанттық шабуылдау
Фото: Александр Павский / Kazinform
әскер
Фото: Александр Павский / Kazinform
әскер
Фото: Александр Павский / Kazinform
әскер
Фото: Александр Павский / Kazinform
әскер
Фото: Александр Павский / Kazinform
десанттық шабуылдау
Фото: Александр Павский / Kazinform
десанттық шабуылдау
Фото: Александр Павский / Kazinform

Осыған дейін әскери қызметшілерге ақшалай ризық төлеу қағидалары Конституцияға сәйкестендірілгені туралы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар