Девальвация ? еліміздің экономикалық және қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін жасалған тиімді шара

ОРАЛ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Девальвация – еліміздің экономикалық және қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан қолға алынып отырған тиімді шара. Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің пікірінше, осы кезге дейін мемлекет экономиканы тұрақтандырып, оны одан әрі дамыту үшін бар мүмкіндікті жасады.
None
None
Алайда ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамын бұрынғы қалпында ұстау мақсатсыз және қауіпті болды. Өйткені, өткен жылдың аяғында біздің көршілес сауда-экономикалық әріптестеріміз - Ресей және Қытай секілді ірі елдер өздерінің тауар өндірушілерін қолдау үшін ұлттық валюталарын девальвациялауды жүргізді. Сонымен қатар теңгенің бағамын одан әрі өзгертпеу біздің алтын валюталық қорымыздың азаюына және теңгенің бағамына бақылау ұстаудан айыруға әкелер еді. Девальвация - әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын қиындықтан құтқару үшін жасалған қадам. Бұл шара отандық өндірістің дамуы мен ұлттық тауарлардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырады. Тәуелсіз мемлекетіміз бірнеше рет қаржы дағдарысын басынан өткерді. Нарықтық экономикаға көшкен кездегі, одан кейінгі 1997-1998 жылдардағы Ресей, Азия дағдарыстары кезінде де ел еңсесін түсірген жоқ. Бүгінде Қазақстан - ТМД елдері арасында экономикасы қарыштап дамыған, қоғамда тұрақтылық орнаған тәуелсіз мемлекеттердің бірі. Қазіргі қаржы дағдарысы барлық салаға өз әсерін тигізуі мүмкін, алайда алынып жатқан іс-шаралар арқасында мұнан да сүрінбей өтетінімізге сенім мол, деді облыс басшысы. Девальвация көршілес елдердің бәрінде дерлік жүргізілуде. Мысалы, ұлттық валюталардың девальвациялануы Ресейде ? 44, Беларуста ? 28, Украинада ? 53, Ұлыбританияда ? 38, Норвегияда ? 28, Бразилияда ? 31, Австралияда ? 27, Канадада ? 26 %-ды құрады. Ал Қазақстанда теңгенің девальвация деңгейі 23 %-дан аспайтын болады.
Соңғы жаңалықтар