Дэвид Боуидің алғашқы үнтаспасы аукционда £40 мыңға сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық музыкант Дэвид Боуидің (1947-2016) I Never Dreamed атты алғашқы үнтаспаларының бірі сейсенбі күні Ұлыбританиядағы аукционда £39,4 мың ($51 мың) қаржыға сатылды. Бұл туралы The Guardian газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Магнитті үнтаспаны Боуидің алғашқы тобы - The Konrads барабаншысы және менеджері болған Дэвид Хедфилд 2018 жылдың шілдесінде үйінен көшіп жатқан кезде тауып алған. Онда әлі танылып үлгермеген 16 жастағы Дэвид Джонс (Боуи) I Never Dreamed әнін шырқаған.

Рок-музыкант және актер Дэвид Боуи 2016 жылдың 10 қаңтарында қатерлі ісіктен көз жұмды. Сол жылы қарашада Sotheby's аукцион үйі музыкант туындыларының жеке коллекциясын сатылымға қойып, екі күннің ішінде £33 млн ($43 млн) жинады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram