05:36, 01 Ақпан 2019 | GMT +5
Дэвис кубогі: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада теннистен Дэвис кубогінің бірінші айналымында жолығатын Қазақстан және Португалия командалары арасындағы кездесудің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

1 ақпан күні Александр Бублик пен Михаил Кукушин жұбы кортқа шығады. Олар Жоау Соуза мен Педро Соузаға қарсы ойнамақ. Матчтың басталуы - 14.00-де.
2 ақпан күні Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин және Жоау Соуза мен Гаштау Элиаш жұптары өзара мықтыны анықтайды. Матчтың басталы - 12.00-де.
Еске сала кетейік, командалар ірі халықаралық турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алуға тырысады.