01:55, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
Ди Каприо АҚШ-тағы еңбегі үшін ең жоғары ақы төленетін актер атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбегі үшін ең көп ақы төленетін голливуд киноактерлерінің рейтингін Леонардо Ди Каприо бастады. Ол «Волк с Уолл-Стрит» фильміндегі рөлі үшін 25 миллион доллар алған. Бұл туралы The Hollywood Reporter басылымы жазды.

Кіші Роберт Дауни, Сандра Баллок, Анджелина Джоли, Дензел Вашингтон және Мэтт Дэймон рөлдері үшін 20 миллион долларға дейінгі қаражат алған.
Одан кейін «Геркулес» фильміндегі рөлі үшін 15 миллион доллар алған Дуэйн Джонсон тұр.
Түсірілім үшін 10-нан 15 миллион долларға дейін алған актерлар санатына Марк Уолберг пен Дженнифер Лоуренс енді.
Тізімді 8,4 миллион доллар көрсеткішімен Сет Роген аяқтады.