02:09, 23 Тамыз 2014 | GMT +5
Диқандар 4 млн. 345 мың гектар алқаптан астық алуды жоспарлап отыр - СҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл облыс диқандары 4 миллион 345 мың гектар алқаптан астық жинап алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады strategy2050.kz.

Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айбарбек Сапаровтың ақпараты бойынша, биыл облыстың диқандары 4 миллион 345 мың гектар алқаптан астық жинап алуды жоспарлап отыр. Оның 3 миллион 300 мың тоннасы дәндi-дақылдар. 597 мың гектар майлы дақылдар, 442 мың гектар азықтық дақыл. Жаз бойы жақсы өнiм алу үшiн қажеттi барлық жұмыстар атқарылды. 34,3 мың тонна минералдық тыңайтқыш шашылған. Биылғы ораққа 9380 комбайн қатысады, олардың 2600 жоғары өнiмдi жаңа комбайндар. Күзгi жұмыстарды жүргiзу үшiн 72 мың тонна жеңiлдетiлген жанар-жағармай алынған.