Димаш Астанадағы «Ритц-Карлтон» қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 3 маусымда Астанадағы «Ритц-Карлтон» қонақ үйінің ашылуына арналған салтанатты кешке қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Астанамыздың гүлденуі, сәулетті ғимараттардың бой көтеруі - Еліміздің көркем болуының көрінісі! Астана. Қазақстан.» ,- деп жазды Димаш Instagram парақшасына.

Айта кетейік, қонақ үйдің ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ал салтанатты кеште Тәуекел Мүслім, Санжар Мадиев, Данияр Елеусінов, Денис Тен сынды өнер және спорт саласындағы танымал тұлғалар, сондай-ақ Мила Йовович, Патрисиа Каас, Федор Бондарчук, Анна Чиповская, Денис Мажуков, Саша Спилберг сияқты белгілі шетелдік  қонақтар да болды.
null
null  

Соңғы жаңалықтар