Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізетінін хабарлады.

Димаш Құдайберген
Фото: dimashnews.com

Әнші әлеуметтік желіде жанкүйерлерін концертке шақырып, бейнеүндеу жариялады.

«Құрметті достар! Дүйсенбі, 22 шілдеде Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін STRANGER атты жеке концертіне билеттер сатылымға шығады. Шоу 13 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар