Димаш Құдайберген Исландияда қалай клип түсіріп жатқанын көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген режиссер Алан Бадоевпен Исландияда қалай клип түсіріп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Исландиядағы видео кадрлары. Команданың барлық мүшесі малмандай су болды. Бірақ бұл оған тұралық. Режиссер Алан Бадоевке кәсібилігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Шынымен де ол видеоны нағыз суретшідей түсіретін режиссер», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Қазақ әншісінің сарқырама жанында ән айтып тұрған сәті бейнеленген видеодан туристердің де оны телефондарына жапатармағай түсіріп жатқанын байқауға болады.

Айта кетерлігі, Димаштың жариялаған видеосына ресейлік композитор Игорь Крутой пікір қалдырған.

«Жарайсың Димаш, жарайсың Алан!», - деп жазды композитор.

Алан Бадоев украиналық кинорежиссер, клипмейкер әрі продюссер. Шетелдік әртістермен жиі жұмыс істейді. Бұған дейін Димаш Құдайберген таяу арада «Know» әніне клип түсіретіндігін жария еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram