Димаш Құдайберген наурыз айында Дубайда жеке концерт береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алдағы наурыз айында Біріккен Араб Әмірліктерінде жеке концерт өткізеді. Әнші бұл туралы Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«25 наурызда екі жылдық пандемиядан кейін Дубай қаласындағы Coca Cola аренада өтетін үлкен жеке концертімнің өтетіндігін хабарлаймын. Билеттер сторис пен профиль сілтемесінде. Көріскенше, достар!», - деп жазды ол.

Сондай-ақ Д.Құдайберген Instagram-парақшасы бұғатталғанын айтты.

«Өздеріңізбен біраздан бері байланысу мүмкін болмады. Мені іздеп жазған толассыз хаттарыңыз бен қолдауларыңыз үшін мың алғыс!», - дейді ол.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы Анна Щербакова Еуропа чемпионатында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Аве Мария» композициясына өнер көрсеткенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар