Димаш «Voice Beyond Horizon» бірлескен жобасын таныстырды

АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа «Voice Beyond Horizon» жобасы үшін Димаш Құдайберген әлемнің әр түкпірінен үздік әншілерді шақырды. Бұл туралы DimashNews сайты жазды. 

Димаш
Фото: dimashnews.com

Олардың ішінен 8 орындаушы таңдап алынды.  

Prince – Сербия елінің әншісі, Евровидение байқауында өз елін танытқан өнер иесі.

Цай Чэнъюй – Қытайдың алтын дауысты теноры, жеке орындаушылық жолын енді бастаған талант.

Джулия – керемет үнімен шипа болатын, ерекше атмосфера тудыратын итальяндық әнші.

Чжан Синьюй – Қытайдың танымал жас жұлдызы, оның әндері миллиардтаған көрілім жинаған.

Нұржас – Қазақстанның мақтанышы, магниттей тартатын ерекше дауыс иесі.

Ла Даньчжу – Қытайдың халық әншісі, таулардың қуатын бойына сіңірген күшті дауыс иесі.

Нур Чолпон – Қырғызстанның ұлттық қазынасы, жас жұлдыз әрі әннің авторы.

Джесси Ли – Малайзияның жаңа буын чемпионы, көптеген музыкалық марапаттардың иегері. 

22 күн ішінде әншілер 7 436 шақырымды еңсеріп, Қазақстанның төрт қаласын (Түркістан, Ақтау, Алматы, Астана) аралады. 

Айта кетейік, «Voice Beyond Horizon» жобасы көпшілікке 2026 жылы жол тартады. 

Еске салсақ, бұған дейін Димаш Құдайберген Вьетнамдағы музыкалық фестивальде ән шырқайтынын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар