Димаштың Астанада өтетін концертіне билеттерді шетелдіктер сатып алып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің Дүниежүзілік турне аясындағы концерті Астанада 27 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл туралы әншінің продюсері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagramдағы парақшасында хабарлады.
None
None

«Дүниежүзілік турне аясындағы концерт Қазақстан астанасында 27 маусым күні өтеді. Бұл 2017 жылы жоспарға сай өтейін деп отырған тұңғыш концерт. Сол себепті Димаштың коцертінің куәсі болу үшін #Bastau ЭКСПО аясында Астана келуге шақырамыз! Осы уақытта концертке билеттерді көп шетелдіктер сатып алды. Олардың арасында Ресей, Қытай, Германия, Италия, Франция, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдердегі Димаштың өнеріне тәнті азаматтар бар. Билеттердің құны 4 мың теңгеден басталады және олардың 40 проценті әнсүйер қауымның қолында. Сіздер де бізбен болуға асығыңыздар!»,-деп жазды әншінің продюсері. 

#BASTAU - Димаштың Қазақстандағы ең үлкен арена - "Астана Аренада" өтетін жеке ән кешінің атауы! Үлкен әлемдік турне аясында ұйымдастырылған алғашқы концерт Елордамыз Астана қаласында 27 маусым күні өтеді. Биылғы жоспар бойынша Қазақстанда өтетін жалғыз ән кеші! Сондықтан, Халықаралық ЭКСПО көрмесі аясында өтетін Димаштың #Bastau-ының куәсі болу үшін арнайы Астана қаласына келуге шақырамыз! Бүгінде билет алып, арнайы Қазақстанға келе жатырған шет елдіктер өте көп. Ресей, Қытай, Германия, Италия, Франция, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстаннан билеттер алған жанкүйерлеріміз бар. Билеттер бағасы 2000 теңгеден #Bastau алады! 40% билеттер жанкүйерлердің қолында! Сіз де бізбен бірге болуға асығыңыз! Билеттер:expo2017culture.kz ticketon.kz +7 777 733 53 53

Публикация от Alpamys Sharimov (@asharimov) Май 6 2017 в 7:58 PDT

Соңғы жаңалықтар