Димаштың жер-жердегі тыңдармандары үш апта бойы қазақ тілін үйренді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар қорының» ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Интенсивті қазақ тілі курстарына» 15 шақты елден 90-ға жуық тыңдаушы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Үш апталық интенсив курсқа шетелдегі отандастарымыз, тілімізге қызығушылық танытушылар және Димаш Құдайбергеннің «Dears» жанкүйерлері қатысып, қазақ тілін үйренген.

Қатысушылар Америка Құрама Штаттары, Түркия, Ресей Федерациясы, Германия, Франция, Ұлыбритания, Иран Ислам Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Индонезия, Польша, Малайзия елдерінен.

Жоба қатысушыларына қоғам президенті Абзал Сапарбекұлы атынан сертификат табысталады.

Сондай-ақ, қыркүйек айынан бастап, онлайн қазақ тілі курстарының екінші жарты жылдығы басталады.


Фото: dimashnews

Соңғы жаңалықтар