Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлік «Үміт» ордендерімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан шахмат федерациясының бесінші съезі өтті. 
None
None

null
Онда айтулы жетістіктерге жеткен шахмат қайраткерлеріне федерация тағайындаған қоғамдық наградалар табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Съезге республиканың 12 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан 60-қа жуық делегация келді. Федерация президенті Ғалымжан Есенов қатысушыларға лебізін білдіріп, өзі тағайындалған бір жарым жыл ішіндегі жетістіктерге тоқталды.

«Бір жарым жылда 16 республикалық және 5 халықаралық турнир өткіздік. Жоспарға сәйкес, ел құрамасы барлық халықаралық турнирлерге қатысты. Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова ФИДЕ ерлер арасындағы халықаралық шеберлер атанды және Динара 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы болды. Айша Зәкірова 8 жасқа дейінгі әлем чемпионы атағын жеңіп алды, Әсел Серікбай Азияның үш дүркін чемпионы және оқушылар арасында 2017 жылдың чемпионы атанды», - деді Ғ.Есенов.

Федерацияның атқарушы директоры Ирина Грищенко Шахмат федерациясының тарихында қоғамдық наградалар алғаш рет табысталып отырғанын атап өтті.

«Қазақстан шахмат федерациясы тарихында алғаш рет спортшыларға, жаттықтырушыларға, энтузиастарға және меценаттарға Қазақстан шахмат федерациясының қоғамдық наградаларын табыс еттік. Біз федерациядағы жаңа дәстүрдің қалыптасуына куә болдық», - деді ол.

Атап айтқанда, Федерацияның «Дара» ордені елдегі шахмат спортының дамуына және шахмат ойынының дәріптелуіне белсенді үлес қосқаны үшін Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жоғары санаттағы ұлттық төреші Анатолий Носковқа берілді.

«Үміт» орденімен халықаралық жарыстарда табыстарға қол жеткізген Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова марапатталды. Олар  ФИДЕ халықаралық ерлер шеберінің нормасын орындаған Қазақстанның тұңғыш шахматшылары.
null null 

«Белес» қоғамдық медалі республикалық және халықаралық маңызы бар  турнирлер ұйымдастырғаны үшін және шахмат ойынын дәріптегені үшін меценат, «Алматы қаласы шахмат федерациясының» президенті Амантай Бөлекбаевқа берілді.

«Үлес» қоғамдық медалімен жергілікті және республикалық маңызы бар турнирлерді ұйымдастырғаны үшін және «Мектептегі шахмат» бағдарламасын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқаны үшін «Павлодар облысы шахмат федерациясының» президенті  Александр Бабенко марапатталды. Сондай-ақ, «Үлес» медалімен шахмат спортын дамытуға үлес қосқаны үшін Қазақстан шахмат федерациясының балалар жаттықтырушысы Григорий Ким де марапатталды. Оның екі шәкірті шахматтан Қазақстанның қазіргі құрамасында ойнап жүр.

«Ардақты ұстаз» озаттық белгісі шахмат спортында елеулі нәтижелер көрсеткен спортшыларды дайындағаны үшін Азияның үш дүркін чемпионы атанған Әсел Серікбайдың жеке жаттықтырушысы Василий Шимелковқа берілді.

Сонымен бірге, съезде Қазақстан шахмат федерациясының допингпен күрес бойынша Ұлттық олимпиада комитетінің міндетті талаптары енгізілген жаңа жарғысы қабылданды. Жаңа жарғы жақын күндері федерация сайтында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар