17:26, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Діни мерекедегі дүрбелеңде тоғыз әйел мерт болды
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Үндістанның батысында діни мереке кезінде бірін-бірі таптап, тоғыз әйел құрбан болды, кемінде алты адам жарақат алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Үнділік секталардың бірін ұстанушылар діни мерекенің соңғы күнін тойлау үшін Гуджарат штатындағы Дхораджи қаласына жиналады. Табынушылардың саны - 70 мыңға жуық адам - күткеннен әлдеқайда көп.
Адамның көптігінен арнайы тағамдарды үлестіру үшін тар храмнан салтанатты іс-шараларға арналған, мерекеге орай жалданған залға көшіріледі, алайда бұл шараның өзі қайғылы оқиғаның алдын алуға көмектескен жоқ.