Диплом басып бере беретін ЖОО-ларды жабу қажет - Президент

«Білім сапасын арттыру үшін мен жоғары оқу орындарына қойылатын талапты қатаңдатуды тапсырған едім. Жалған дипломдар беретін кеңселерге біздің жүйемізде мүлдем орын болмауы тиіс. Бұл жұмыстарды табанды түрде әрі барынша қысқа уақытта аяқтау керек. Біз бұл жайында Білім министрмен сөйлескен едік. Қандай қиындық болса да, ЖОО-деп аталатын оларды кім қорғаса да бұл жұмысты аяқтау керек. Диплом басым шығаратын бұл мекемелерді табанды түрде жабу қажет», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті мұнан бөлек, кезең-кезеңімен жоғары оқу орындарының профилизациялануын, мамандануын, сонымен бірге білім сапасын қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.
«Білім сапасының маңызды аспектісі академиялық адалдық мәдениетінің жан-жақты дамуын енгізу болуы тиіс. Министрлік академиялық адалдық лигасының мүшесі саналатын жоғары оқу орындарын қолдауға және дамытуға міндетті», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.