Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы бойынша бірелген көтермеақыны жұмыстан қысқарған жағдайда мемлекетке қайтару қажет пе? - министрдің блогынан

АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы бойынша бірелген көтермеақыны жұмыстан қысқарған жағдайда мемлекетке қайтару қажет пе? Бұл сұрақты ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың жеке блогына Гүлжан есімді жас маман жолдаған.

«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы бойынша бірелген көтермеақыны жұмыстан қысқарған жағдайда мемлекетке қайтару қажет пе? - министрдің блогынан

«Мен 2008-2010 оқу жылдарында Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл кентіндегі Кішкенекөл мектеп-гимназияда биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы бойынша көтермеақы алдым. Ал биыл сыныптар саны қысқартылып, маған сағаттар берілмеді. Шалғайдағы бір ауылға жұмысқа баруды ұсынды. Бірақ мен осы ауылдағы ветеринарлық зертханада лаборанттың бос орнына жұмысқа орналассам деймін. Маған енді мемлекеттен алған көтермеақыны қайтару қажет пе? Оны басқа жұмысқа орналаспастан бұрын қайтару қажет дегенді естідім. Қаражатты қайтару бойынша неге қосымша уақыт берілмейді? Өйткені мен жұмыстан өз еркіммен кеткенім жоқ және биыл балалар санының аз болғанында ешкімнің кінәсі жоқ. Ақшаны үш айдың ішінде қайтарсам болады ма екен?» делінген министрге жолданған хатта.

Сауалға жауап қайырған А.Күрішбаев, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы ақпанның 18-індегі №183-ші қаулысымен бекітілген Ережелердің 2-ші қосымшасының 1.2 тармақшасына сәйкес, ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасуға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандары әлеуметтік көмектерге ие болу үшін, аталмыш салалардың салалық ұйымдарында кем дегенде бес жыл жұмыс істеуге міндетті екендігін еске салып, аталмыш Келісімнің шарттары орындалмаған жағдайда бюджеттен берілген әлеуметтік жәрдем толық көлемде қайтарылуға жататынын қадап айтты (Ереженің 2.5 тармақшасы).

«Сіздің жағдайыңызда, аудан әкімдігінде тұрақты жұмыс істеп тұрған комиссияға өтініш жазуыңызды жөн деп санаймыз. Егер де даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілмеген жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес соттың араласуымен шешілуге жатады», - деді министр.