«Дискавери» арнасы онжылдықтағы басты жаңалықтар рейтингін жариялады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Бірінші орын мұздақтардың жылдам еруінің шынайылығы дәлелденген жұмыстарға берілді. Редакцияның пікірінше, температураның артуы, мұхиттар деңгейінің көтерілуі және мұздақтар алаңдарының қысқаруы жаһандық жылыну үдерісінің дамуын іс жүзінде айғақтайды.
Тізімдегі екінші орынға «Адам гені» жобасы орналастырылды. Жоба аясында Homo sapien ДНК-сінің сабақтастығы толық анықталды. Рейтингтің үшінші орны Марс топырағынан судың алынуына берілді. 2008 жылғы мамырдың 26-сында ғаламшардың солтүстік полюсына жақын маңға қонған «Феникс» аппараты топырақ үлгілерін қыздырады, ал оның құралдары мұздың қатып қалған H2O екенін растады.
Төртінші орын ағза жасушаларының жаңа көздерін тапқан зерттеушілерге бұйырды. Бесінші орында - ми сигналдарының көмегімен адамдарға протездерді басқаруға мүмкіндік беретін технологиялар. Алтыншы орын астрономдардың экзотикалық ғаламшарды суретке түсіріп алған жұмыстарына берілді. Жетінші орынды - адамдардың жаңа арғы тектерінің ашылуына, сегізінші орынды қараңғы материяның өмір сүріп отырғанын дәлелдейтін жұмыстар иеленді. Тоғызыншы орынға тираннозавр сүйектерінің қалдықтарынан коллаген алу жұмыстары жайғастырылды. Ал оныншы орында - Күнді айналып қозғалатын жаңа ірі ғарыштық дененің - Эрида ергежейлі ғаламшарларының ашылуы болды.