«Дискавери» шаттлы аман-есен Флоридаға келіп қонды
АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат - Америкалық «Дискавери» шағын ғарыш кемесі Флоридаға келіп қонды. Бұл туралы NASA өзінің ресми сайтында хабарлаған.
Әуелгіде шаттл 2010 жылғы сәуірдің 19-ында қонуы керек еді, алайда ауа райы қолайсыздығынан (жауын-шашын және қалың бұлтты болуы себепті) қону алдымен сейсенбінің таңына, сонан соң сол күнгі кешке шегерілді. «Дискавери» астаналық уақытпен 17:09-де келіп қонды.