«Дискавери» шаттлының қонуы жайсыз ауа райына байланысты кейінге қалдырылды
АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағы аумағындағы жайсыз ауа райына байланысты «Дискавери» шаттлының (дербес қонатын шағын ғарыш кемесі) қону уақытын шегеруге шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Метеорологиялық болжауларға сәйкес, қону белгіленген уақытта (Астана уақытымен 19:48) америкалық ғарыш айлағында бұлттар жайылуы тым төмен және жаңбырлы болды. Мамандар ғарыштық шағын кеменің қону уақытын астаналық уақытпен 21:23-ке шегерді.
Шағын кеме бортында жеті экипаж мүшесі, оның ішінде үш әйел бар. Өз сапарлары барысында олар ғарыш стансасының мұздатқышы құрамына кіретін сұйық аммиакты бөшкені ауыстырған еді. Мұнан басқа «Леонардо» көліктік модулінде шаттл стансаға көптеген түрліше өзге де жүктерді, атап айтқанда, ХҒС (халықаралық ғарыш стансасы) тұрғындары үшін ұйықтау төсектерін, тәжірибелік құрал-жабдықтар, жаңа спорттық жаттығулар жабдықтарын жеткізіп берді.
Шаттлдың, сәуірдің 5-інде ұшып шыққанынан кейін, сантиметрлік ауқымда жұмыс істейтін антеннасы ақауға ұшырады. Ал ол Жерге көп көлемді, атап айтсақ, бақылау кезінде алынған шағын кеменің сыртқы көмкерісіндегі ақаулары туралы да, мәліметтерді жеткізу үшін қажетті құрал. Осы жолы бақылау жұмыстары үшін астронавтар стансаның антеннасын пайдаланды, оның үстіне сапар ұзақтығын бір тәулікке ұлғайтуға тура келді.