01:35, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Disney тік қабырғада жүре беретін робот жасап шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дисней мен Цюрихтегі Швейцария жоғары техникалық мектебінің бірлескен зерттеу бөлімшесі тік қабырғада жүре алатын робот жасап шықты.

Қаңқасы жеңіл, төрт дөңгелекті VertiGo арқасындағы екі ебелегінің көмегімен тік қабырғада еркін жүре беред і, деп хабарлайды The Verge.
Қабырғаға тік өрмелейтін әрі көлденең де жүре беретін робот қазіргі ғимараттары көп қалада таптырмас көмек құралы болады. Алайда, Дисней бұл роботты қандай мақсатқа арнап жасағаны әзірге белгісіз қалып отыр.