Дмитрий Попко Доминикан додасында қарсыласын ойсырата ұтты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 187-ракеткасы Дмитрий Попко Санто-Доминго (Доминикан) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Попко
Фото: dmitrypopko/Instagram

Д.Попко алғашқы айналымда әлемнің 292-ракеткасы, америкалық Тай-Сон Квятковскимен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші матчты қарқынды бастап, содан жаңылған жоқ. Бірінші партияда 6:1 есебі тіркелсе, екінші сетте де оның басымдылығы айқын байқалды – 6:2.

Небәрі 56 минутқа созылған бәсеке барысында Попко 8 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Квятковски 4 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Дмитрий Попко ширек финалда өнер көрсету үшін әлемнің 100-ракеткасы, босниялық Дамир Джумхур немесе рейтингіде 514-орындағы тағы бір америкалық Кэннон Кингслидің қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің АҚШ-тағы жарыста камбэкпен екінші айналымға өткенін жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар