Дмитрий Попко Италиядағы турнирде жергілікті теннисшіні ұтты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 237-ракеткасы Дмитрий Попко Генуя (Италия) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты. 

Дмитрий Попко
Фото: ҚТФ

Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 279-орында тұрған корт иесі Марко Чеккинатоның мысын басты.

Бұдан бұрын Дмитрий Попко қарсыласын бір рет жеңген еді.

Бұл жолы 1 сағат 21 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:2 есебімен Попконың пайдасына шешілді. Осы мерзімде ол 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Чеккинато 2 эйс жасағанымен, 3 брейк-пойнттан ештеңе шығара алған жоқ.

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін италиялықтар, әлемнің 34-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы Лучано Дардери — Федерико Арнабольдидің қай жеңгенімен шеберлік таластырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның бір күнде екі матчты жеңіспен түйіндегенін жазған едік

Сондай-ақ теннистен Дэвис кубогында Кореямен матчта Қазақстан намысын кімдер қорғайтыны хабарланды.

Қазақстан құрамасы сапында Дмитрий Попко да бар.

Соңғы жаңалықтар