Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дінмұхамед Қылышпаев Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Дінмұхамед Гайдарұлы Қылышпаев ведомствоның Көші-қон комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

Дінмұхамед Қылышпаев Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Фото: Үкімет

1986 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, Астана университетін, академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «ОҚО ШОБ-ты құқықтық қорғау жөніндегі заңгерлер одағы» қауымдастығының заңгері болып бастады.

2009–2015 жылдары — «Тәуелсіз заңгерлер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

2015–2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық талдау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2017–2018 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Заң қызметі департаментінің Құқықтық сараптама басқармасының басшысы.

2018–2020 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті директорының орынбасары.

2020–2021 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары.

2021–2022 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.