Докторантураға түсудің қолданыстағы форматы өзгере ме

АСТАНА. KAZINFORM — Ғылым және жоғары білім министрлігі Мәжіліс депутаттарының докторантураға түсудің қолданыстағы форматын өзгертуге қатысты сауалына жауап берді.

докторантура
Фото: freepik.com

— Биыл магистратура мен докторантура жүйесін жетілдіру мақсатында министрлік жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Осылайша, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін және докторлық диссертация тақырыбын ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін және (немесе) алынған ғылыми (эксперименттік) нәтижелерді ескере отырып немесе диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесін (research proposal) қайта бекітуді ескере отырып, магистрлік диссертация тақырыбын түзету көзделген, — деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова жауабында.

Оның атап өтуінше, докторантураның білім беру бағдарламасының ғылыми құрамдас бөлігі докторанттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысынан, ғылыми жарияланымдардан, докторлық диссертацияны жазудан және қорғаудан қалыптасады. Диссертациялық зерттеудің мазмұны ұлттық басымдықтарды, іргелі немесе қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруға бағытталған.

— Сонымен қатар докторантураның білім беру бағдарламалары докторанттардың ғылыми және зерттеу қызметіне қажетті шет тілін меңгеруін қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Осылайша, министрлік докторантураға түсудің қолданыстағы форматын сақтауды орынды деп санайды және жас ғалымдарды сапалы іріктеу, ғылыми сүйемелдеу және қолдау тетіктерін дамыту бойынша жұмысты жалғастырады, — деді Динара Щеглова.

Айта кетелік Ғылым және жоғары білім министрлігі Мәжіліс депутаттарының магистратураға түсу кезінде бакалавриат бейініне қарай шектеу енгізуге қатысты сауалына жауап берген еді

Соңғы жаңалықтар