Доллар - 494 теңге: Шетел валютасы екінші күн қатарынан арзандап жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 24 наурыз кешімен салыстырғанда 1, 24 теңгеге төмендеп, 1 доллар 494, 03 теңге болған.

Ұлттық банктің 25 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 495, 43теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы - 492 теңге, сатып алу – 496 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 490 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 495 теңге.


Соңғы жаңалықтар