Доллар бағамы 480 теңгеге дейін арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

валюта
Фото: Kazinform/ Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,54 теңгеге түсіп, 480,72 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 485,82 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 477,01 теңгеден сатып алынады, 484,01 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 546,06 теңге, сату - 556,04 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,90 теңге, сату - 6,20 теңге.

- юань: сатып алу - 69,33 теңге, сату - 74,25 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 478,84 теңгеден сатып алынады, 481,53 теңгеден сатылады. Еуро 545,59 – 551,27 теңге, ал рубль 5,94 – 6,08 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,34 теңгеден сатып алынады, 73,70 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 29 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,29 теңгеге түсіп, 485,82 теңге болды.