Доллар бағамы қатарынан үшінші күн өсім көрсетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады. 

валюта
Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,66 теңгеге өсіп, 458,87 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 458,48 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 456,00 теңгеден сатып алынады, 463,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 527,00 теңге, сату — 537,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,15 теңге, сату — 5,45 теңге.
— юань: сатып алу — 68,31 теңге, сату — 72,34 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 458,46 теңгеден сатып алынады, 460,60 теңгеден сатылады. Еуро 532,98 — 538,28 теңге, ал рубль 5,22 — 5,36 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,45 теңгеден сатып алынады, 70,78 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 25 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,83 теңгеге өсіп, 458,48 теңге болды.