Доллар бағамы -146,79 теңге, еуро бағамы - 196,00 теңге

АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Доллар бағамы -146,79 теңге,  еуро бағамы - 196,00 теңге

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,79 теңгені, ал сауда көлемі 142 710 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,06 теңгеге арзандап, сессия көлемі 24 450 мың долларға өсті.

Т+0 есебімен еуроның орташа бағамы 196,00 теңгені, ал сауда көлемі 5 000 мың еуроны құрады.

Ал Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ.