Доллар бағамы - 148,72 теңге

АЛМАТЫ. Қарашаның 26-сы.  ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None

T+0 үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 15 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен валюта бірлігі үшін  148,72 теңгені, ал сауда көлемі 139 150 мың долларды құрады. 

Кешегі күнгі  таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,22 теңгеге өсіп, ал  сессия көлемі  97 735 мың  долларға  кеміді.

Соңғы жаңалықтар