Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448– 452 теңгеден саудаланып жатыр.

Доллар
Фото: pexels.com

Ұлттық банктің 2 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 449,64 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,98 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448– 452 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 449,1 – 451,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,93 – 5,07 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 1 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,47 теңгеге қымбаттап, 449,64 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар