Доллар мен теңгені қаншадан айырбастауға болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 475,00 теңгеден сатып алынады, 482,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 544,00 теңге, сату — 554,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,85 теңге, сату — 6,15 теңге;
— юань 69,18 теңгеден сатып алынады, 74,00 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 477,80 теңге, сату — 480,40 теңге;
— еуро: сатып алу — 544,62 теңге, сату — 550,40 теңге;
— рубль 5,92 — 6,08 теңге аралығында саудаланады.
— юань 71,31 — 73,67 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 30 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,54 теңгеге түсіп, 480,72 теңге болды.