Долларға шаққандағы юань бағамы 6,5-ке дейін төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай халық банкі (Орталық банк) ұлттық валютасы жэньминьбидің (юаньнің ресми атауы) долларға шаққандағы бағамын 96 базистік тармаққа 6,5032 дейін түсірді. Бұл 2011 жылдың мамырынан бергі ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлады ТАСС.
None
None

Юань бағамы өткен жылдың тамызынан төмендей бастады. Ол кезде Орталық банк «есептеу әдісін оңтайландыру» шешімі туралы жариялады. Сол уақытта ҚХР валютасы үш күн ішінде 4,6% құнсызданып, 1 доллар 6,4 юаньға тең болды. Осыдан кейін юань күшейді және 2 қарашада үш жылдық жоғары межеге жетті: $1 құны 6,3154 юань болды. Алайда осыдан кейін бағам тағы әлсірей бастады. 2015 жылдың желтоқсанында қытайлық валюта 10 күндей құнсызданды.

Өткен жылы 30 қарашада Халықаралық валюта қоры юаньды 2016 жылдың 1 қазанынан өзінің резервтік валюта қоржынына енгізді. Бұл қоржында доллар, еуро, фунт стерлинг пен жапониялық иен бар. Сарапшылардың пайымынша, юаньның әлсіреуіне осы шешім де әсерін тигізді. Өйткені резервтік валюталар қоржынына енген соң юаньға деген сұраныс артады.

Соңғы жаңалықтар