03:19, 21 Қараша 2023 | GMT +5
Доминиканада нөсер жауын салдарынан 20-дан астам адам мерт болды

Өткен демалыс күндері Доминикана Республикасында жауған нөсер жауын мен су тасқынынан 20-дан астам адам мерт болды, олардың арасында 3 бала бар.
Төтенше операциялар орталығының хабарлауынша, ел бойынша 13 мыңға жуық адам эвакуацияланды. 32 провинцияның басым бөлігінде төтенше жағдай жарияланды.
Тропикалық нөсер жауын салдарынан көшкін жүріп, инфрақұрылым бүлінді. Мемлекет астанасы Санто-Домингода жексенбі күні көлік тоннелінің қабырғасы құлады. Адамдар көліктерінен шыға алмай қалып, 9 адам мерт болды.