«Домодедоводағы» лаңкестікке қатысы бар күдікті екі азаматтың есімдері аталды

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Мәскеудің «Домодедово» әуежайында жасалған лаңкестікті тергеу барысында Ингушетияның екі тұрғынына іздеу жарияланды, деп хабарлады бүгін Лента.ру.
None
None

Құқық қорғау органдарындағы "Интерфакстың" дереккөзі күдікті азаматтардың есімдерін атады, олар - Орлов облысының тумасы, 1990 жылғы Адам Ганижев пен Ростов облысының тумасы, 1987 жылғы Ислам Евлоев. Оның екеуі де Ингушетияның Назрань ауданындағы Али-Юрт селосында тұрып жатты.

Осыған дейін ресми емес ақпарат көздерінен белгілі болғандай, «Домодедоводағы» жарылғыш затты осы селоның тұрғыны Ингушетияның 20 жастағы тұрғыны Магомед Евлоев жарып жіберді. Іздеу жарияланған екі күдікті Али-Юртадан сонымен бір уақытта із-түзсіз жоғалып кетті.

ФҚҚ директоры Александр Бортников осыған дейін хабарлағандай, лаңкестікті дайындауға жанкештінің туыстары да көмектескен.

Соңғы жаңалықтар