23:37, 19 Ақпан 2026 | GMT +5
Дональд Трамп Қазақстанды керемет әрі бай ел ретінде сипаттады
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Президенті Кеңеске қатысушы елдердің басшыларын таныстыру барысында Қазақстанды керемет әрі бай ел ретінде сипаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Дональд Трамп өз сөзінде Газадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қалпына келтіруге атсалысқаны үшін Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысушыларға шынайы ризашылығын білдірді.

— Дональд Трамп Саммитке келген мемлекеттер басшыларын шешімтал әрекеттері арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, халықаралық диалогты дамытуға елеулі үлес қосқан нағыз жаһандық ауқымдағы көшбасшылар деп атады, — делінген хабарламада.

Осыдан бұрын Тоқаев Президент Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынды.