15:58, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
Донерден уланған алматылықтар дәмхана басшылығынан 7 млн. теңге көлемінде өтемақы талап етуде
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Донерден уланған алматылықтар дәмхана басшылығынан 7 млн. теңге көлемінде өтемақы талап етуде. Қазір тұтынушылардан 30-ға жуық шағым түсті. Бұл туралы қалалық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

22 тамызда «Донер-Анкара» фаст-фуд орталығынан ас ішкен 30 шақты адам жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Олардың ағзасынан дәрігерлер сальмоннолез бактериясын тапты.
«Қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен қазір жапа шеккен адамдардың донерхана басшылығынан моральды-материалды шығындарды өтеу туралы талап-арыздарын жинау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 30 адамның талабы бар. Олар дәмхана басшылығынан 7 млн. теңге талап етіп отыр», - деді баспасөз қызметінен.