13:42, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Дөңгелек үстелде ұлттық халық санағының маңыздылығы жайында әңгіме болды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Облыстық статистика департаментінде үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде ұлттық халық санағының маңыздылығы жайында әңгіме болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Басқосуда статистика департаменті бастығының орынбасары Мариям Баекеева халық санағының мақсаты мен міндеті туралы хабарлама жасады. Мемлекеттік маңызы бар шараның еліміздегі ерлер мен әйелдердің, қарттар мен балалардың, өзге ұлт өкілдерінің үлес салмағын анықтауда, қазақстандықтардың табыс деңгейін саралауда ерекше мәнге ие екендігін атап өтті. Сондай-ақ, еліміз өзінің саяси бағытын нақты деректер негізінде айқын құруға мүмкіндік алатын болады. Пікір алысқан жастар мен орта буын өкілдерінің ойы шараны ұйымшылдықпен және өткізу белсенділік аясына тоғысты.