Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Дөңгелекті болашақ» телеорталығы: ҚР Президенті ТРК Қазақстанды әлемдік аудиторияға қалай көрсетіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Телерадиокешені Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары - 2026» халықаралық турнирінен трансляция жасау үшін жаңа жылжымалы телевизиялық станцияларды (ЖТС) жұмылдырды. 

ҚР Президенті ТРК
Фото: ҚР Президенті ТРК

Әлемдік жетекші хабар таратушылар стандарттарына сай жабдықталған ЖТС кез келген спорт аренасын толыққанды тікелей эфир студиясына айналдырады. Мұндай кешен негізгі ареналар, рәсімдер және хаттамалық іс-шаралардың көп камералы түсірілімін, сондай-ақ ұлттық және халықаралық телеарналарға үздіксіз сигнал беруді қамтамасыз етеді.

Сырттан қарағанда бұл кәдімгі жүк көліктері сияқты, бірақ ішінде мониторлар, бейнемикшерлік пульттер және серверлік жабдықтардың тығыз торы орналасқан. Мұндағы кеңістіктің әрбір метрі бір мақсатқа арналған: эфирге кез келген секундта мінсіз кескін шығару.

ҚР Президенті ТРК «Дөңгелекті болашақ» телеорталығы
Фото: ҚР Президенті ТРК

Көп камералы түсірілім, дыбыс және графика бойынша заманауи шешімдер мен сигналды икемді тарату жүйесі Техникалық жабдықтау қызметіне ірі халықаралық телекомпаниялармен тең дәрежеде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

ЖТС Mercedes-Benz Actros базасында орналасқан. Оның құрамына 40-60 кВА-ға дейінгі дизельді-генераторлық қондырғы, жүк және қосалқы бөлімдері бар бөлек техникалық жабдықтау автомобилі кіреді.

«Болашақ ойындары - 2026» үшін бұл киберспорт матчтарынан бастап физикалық сынақтарға дейінгі фиджитал ойындар динамикасын көрерменге жаһандық аудиторияға үйреншікті форматта: жақындатып көрсету, ойластырылған режиссура, нұсқалық кескін және бөлшектерге назар аудара жеткізуді білдіреді.

ҚР Президенті ТРК
Фото: ҚР Президенті ТРК

Әр кешен 12 жүйелік камерамен жұмыс істеуге есептелген, бұл ретте орташа өлшемді ЖТС 6-8 камераны қамтиды. Жаңа станциялар бірнеше телевизиялық стандартпен жұмы істейді. Ойындар 1080p 59.94 форматында көрсетіледі, ал турнир аяқталған соң ЖТС қазақстандық телехабар таралымында қолданылатын PAL стандартына қайта өзгертіледі. Алаңдағы атмосфераны жеткізу үшін 19 микрофонға дейін қолданылады, бұл трансляцияда стерео эффект пен дыбыстың бірнеше арна арқылы таралуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2026 жылғы «Болашақ ойындарының» түсірілімі – елдің ауқымды іс-шараларының әлемдік стандарттар деңгейінде ақпараттық жариялануын қамтамасыз ету, Қазақстанның заманауи, технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет және медиа мен цифрлық салалардағы сенімді серіктес ретіндегі имиджін нығайту сияқты Президент ТРК миссиясының логикалық жалғасы.

ҚР Президенті ТРК
Фото: ҚР Президенті ТРК

Мобильді кешеннің, яғни іс-шаралар өтетін орындардағы ондаған камералар, операторлар мен дыбыс инженерлері, инженерлік-техникалық қызмет және режиссерлік топтың біртұтас организм ретінде жұмыс істеуі - Президент ТРК кадрлық және ұйымдастырушылық әлеуетінің деңгейін көрсететін мамандардың еңбегі.

- Біздің мақсатымыз – түсірілім нысанын техникамен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар кез келген жүктемеге төтеп бере алатын толыққанды телеорталық құрастыру. Біз әлемдік хабар таратушылардың озық тәжірибелерін ұстанамыз және бүгінде мобильді телеөндіріс тұрғысынан Қазақстан әлемдік телеиндустрия көшбасшыларының қатарында деп айта аламыз, - деп атап өтті Президент ТРК директорының Техникалық жабдықтау жөніндегі орынбасары Қайрат Мақажанов.

ҚР Президенті ТРК
Фото: ҚР Президенті ТРК

Заманауи техникалық құрал-жабдықтың арқасында 2026 жылғы «Болашақ ойындарын» 124 млн көрермен тамашалап үлгерді. Қорытынды болжам – 430-дан 490 млн көрерменге дейін, бұл – 2025 жылғы рекордтан 461 млн артық.

ТРК-ның жаңа ЖТС-терінің телесигналын 56 медиапартнер, 161 ресми комьюнити-стример және турнирдің 4 өз арнасы ретрансляция жасап отыр. Дистрибуцияның жалпы желісі – 221 арна. Шетелдік серіктестер қатарында қытайлық HUYA, bilibili, Douyu, CMG (Yangshipin), бразилиялық Play TV және BIGG TV, Likee, Silk Way TV, TrillerTV жаһандық арналары бар.

ҚР Президенті ТРК
Фото: ҚР Президенті ТРК

Алғаш рет Қазақстанда кең көлемде, атап айтқанда 21 арна хабар таратып жатыр: QazSport, QAZAQSTAN, Khabar, Astana TV, Atameken, Jibek Joly, Freedom Media, Kinopoisk, Rutube, VK Play, Match TV, MIR TV, OKKO және басқалары. Осылайша жергілікті аудитория кең көлемде қамтылды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен Болашақ ойындарын 200 млн-нан астам адам тамашалады.