Донор өңірлер алдағы үш жылда республикалық бюджетке 3,3 трлн теңге бөледі

АСТАНА. KAZINFORM — Атырау, Маңғыстау облыстары мен Астана, Алматы қалалары 2026-2028 жылдары республикалық бюджетке қанша ақша бөлетіні белгілі болды.

Деньги Ақша
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген заң жобасы «Ашық НҚА» порталында көпшілік талқылауына шығарылып отыр.

Талқылаудан кейін құжат Мәжілістің қарауына жіберіледі.

2026 жылы республикалық бюджетке трансферт бөлетін өңірлер — Астана мен Алматы қалалары, Атырау облысы.

Үш өңірден жалпы сомасы 879 млрд 947 млн 69 мың теңге алу жоспарланған. Оның ішінде Атырау облысынан — 262 млрд 404 млн 282 мың теңге, Алматы қаласынан — 491 млрд 887 млн 502 мың теңге, Астана қаласынан — 125 млрд 655 млн 826 мың теңге қарастырылған.

2027 жылы да осы үш өңірден 1 трлн 79 млрд 818 млн 403 мың теңге алу көзделген. Оның ішінде Атырау облысынан — 237 млрд 910 млн 881 мың теңге, Алматы қаласынан — 600 млрд 946 млн 982 мың теңге, Астана қаласынан — 240 млрд 960 млн 540 мың теңге қарастырылған.

Ал 2028 жылы донор өңірлердің қатарына Маңғыстау облысы қосылады. 4 өңірден жалпы сомасы 1 трлн 400 млрд 607 млн 718 мың теңге алу көзделген. Оның ішінде Атырау облысынан — 278 млрд 969 млн 171 мың теңге, Маңғыстау облысынан — 1 млрд 248 млн 369 мың теңге, Алматы қаласынан — 699 млрд 746 млн 657 мың теңге, Астана қаласынан — 420 млрд 643 млн 521 мың теңге алу жоспарланған.

Ал республикалық бюджеттен өңірлік бюджеттерге 2026 жылы 5 трлн 137 млрд 567 млн 833 мың теңге, 2027 жылы 6 трлн 357 млрд 838 млн 886 мың теңге, 2028 жылы 6 трлн 796 млрд 559 млн 470 мың теңге бөлу көзделіп отыр.

Айта кетейік, Үкіметтің болжамы бойынша 2035 жылы бюджет кірісі 66,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін

Соңғы жаңалықтар