Допты хоккей: «Ақжайық» қатарынан 20 ойынды жеңіспен аяқтады

ОРАЛ. KAZINFORM — Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Ульяновск қаласында «Волга-Черемшанмен» екінші ойынын өткізді.

Допты хоккей: «Ақжайық» қатарынан 20 ойынды жеңіспен аяқтады
Фото: sc_akzhayik_07

Оралдықтар бірінші таймда 3:0 есебімен алға шықса, екінші кезеңде де сол қарқынынан тана қойған жоқ. Қорытынды есеп — 8:3.

«Ақжайықтан» команда капитаны Максим Өтебалиев төрт голды өз есебіне жазды. Максим Пахомов қарсылас қақпасына қос доп енгізсе, Артем Лапшин мен Нұрбол Бөкешов бір-бірден мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, қатарынан 20 матчты жеңіспен аяқтаған батысқазақстандық клуб еншісінде 69 ұпай бар.

«Ақжайық» келесі кездесулерін 19-20 ақпанда Верхний Уфалейде жергілікті «Никельщикпен» өткізеді.

— Биыл біздің жоғары лиганың финалдық ойындарына қатысатынымыз анық. Финалдық бәсекенің қашан және қайда өтетіні әзірге белгісіз, - деді Kazinform тілшісіне «Ақжайықтың» бас бапкері Николай Шавалдин.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» Ульяновскіде «Волга-Черемшан» командасын жеңгенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар