Допты хоккей: «Ақжайық» қарсыласын ірі есеппен ұтты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Орынбордың «Локомотивімен» екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жастар» стадионында өткен матчта оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері қарсыласын 13:4 есебімен ойсырата ұтты.

Бұл ойында «Ақжайықтың» сұрмергені, ресейлік Михаил Пахомов алты голдың авторы атанды. Ол биылғы маусымда соққан гол санын 20-ға жеткізді.

Сондай-ақ, ресейліктер Артем Лапшин мен Александр Слугин үш-үштен гол соқты. Нұрбол Бөкешов те айдыннан бос кетпей, тағы бір голды еншісіне жазды.

Осылайша, 6 ойыннан кейін 15 ұпай жинаған оралдық команда өз тобында әзірге төртінші орында келеді. Бірақ, қарсыластарына қарағанда, «Ақжайық» матчты әлдеқайда кем өткізді.

Батысқазақстандық клубтың келесі кездесулері 28-29 қаңтарда өз айдынында «Никельщикпен» (Верхний Уфалей) өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» орынборлық команданы ұтқанын жазған болатынбыз.

Фото: «Ақжайық» СК


Соңғы жаңалықтар