Допты хоккей: «Ақжайық» соңғы матчта «Никельщикпен» тең ойнады

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Верхний Уфалейде бүгін жергілікті «Никельщикпен» екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, айдын иелерінен Михаил Андреев 26-минутта есеп ашса, он минуттан кейін «Ақжайықтан» Илья Глухов таразы басын теңестірді.

Екінші тайм басталысымен Сұлтан Қадыржанов қонақтарды алға шығарды. Алайда «Никельщиктен» М.Андреев, Дмитрий Харитонов және команда капитаны Евгений Саламатов көзге түсіп, есепті 4:2-ге жеткізді. Дегенмен Владимир Кожевниковтің шәкірттері намысқа тырысып, 85-минутта ресейлік легионер Сергей Пантеев, 89-минутта команда капитаны Максим Өтебалиев мергендік танытты.

Осылайша тартысты өткен кездесу 4:4 есебімен тең аяқталды.

Сөйтіп «Ақжайық» екінші топта 31 ұпаймен бесінші орынға ие болып, үздік үштіктің қатарынан көріне алмады. 

Соңғы жаңалықтар