Допты хоккей: «Ақжайық» Верхний Уфалейдің «Никельщик» командасын тізе бүктірді
ОРАЛ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - 19 қаңтар күні допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» «Жастық» стадионында Верхний Уфалейдің «Никельщик» командасын қабылдады.
Қонақтар Ресей чемпионаты жоғары лигасы екінші тобында соңғы орында келе жатқан команда болғанымен, бірінші таймда Михаил Иванов пен Евгений Саломатов есіпті 2:0-ге жеткізді.
Екінші таймда «Ақжайық» жеңіске деген жігерін танытып, әуелі Александр Шавалдин есепті қысқартты. Содан кейін оралдықтар сапындағы мықты ойыншылардың бірі Петр Грибанов 57-інші және 87-минутта екі доп соғып, «Ақжайық» 3:2 есебімен жеңіске жетті.
20 қаңтар күні аталған командалар қарымта кездесуін өткізеді. Бұл ойыннан кейін 26 ұпай жинаған «Ақжайық» өз тобында бұрынғысынша үшінші орында келеді.