14:19, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Допты хоккей: бас жүлде үшін Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының құрамалары таласады
ОРАЛ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Оралда өтіп жатқан республикалық ІІ қысқы спартакиада ойындары бүгін мәреге жетеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше жартылай финалда батысқазақстандықтар шығысқазақстандықтарды 7:1 есебімен айқын басымдылықпен ұтса, солтүстікқазақстандықтар ақтөбеліктерді 4:1 есебімен жеңді. Енді БҚО мен СҚО құрамалары чемпион атағы үшін сынға түседі, ал Ақтөбе (Хромтау) мен ШҚО командалары қола жүлдеге таласпақ.
Барлығы сегіз команда қатысқан жарыста Алматы қаласы ? бесінші, Павлодар ? алтыншы (бұл командалар арасындағы бәсеке 8:3 есебімен аяқталды), Қызылорда ? жетінші, Талдықорған сегізінші орынды еншіледі.