Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» қарымта ойында да жеңіске жетті

 ОРАЛ. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат -  16 қазан күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасы екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында «Динамо-Қазан-2» (Қазан) командасымен екінші кездесуін өткізді.

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» қарымта ойында да жеңіске жетті

Кешегі матч 5:0 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілген болатын. Бұл жолы аса тартысты өткен ойында оралдықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. 23-минутта тәжірибелі ойыншы Николай Шавалдин есеп ашса, 35-минутта қонақтардан Анатолий Моисеев таразы басын теңестірді. Дегенмен екінші таймда 62-минутта Петр Грибанов батысқазақстандықтар үшін жеңіс добын соқты.

Сөйтіп осы турдан кейін 10 ұпай жинаған «Ақжайық» өз тобында екінші сатыға көтерілді.

Енді 18-19 желтоқсанда оралдықтар өз айдынында «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасын қабылдайды.